Жеті ғасыр жырлайды. 2 томдық

o чем книга
«Жеті ғасыр жырлайды» аталатын екі томдықтың бірінші кітабына толғауымен тоғыз ханды тоқтатқан Сыпыра жыраудан бастап (шамамен XIII—XV ғ.ғ.), қазақ сопылық поэзиясының ірі өкілі Кердері Әбубәкірге (XIX ғ.) дейінгі қырық екі ақын-жыраудың таңдамалы шығармалары жинақталды. Бұл жыр-толғаулар еркіндік пен елдік жолында ұзақ заманаларға созылған ерлік күреске толы ұлттык тарихымыз бен жұртгық дүниетанымымыздың көркем шежіресі, рухани айнасы, ой-сана оқулығы да іспетті. Кітапты әзірлеу үстінде бұған дейінгі жарық көрген сан алуан басылымдарды (М. Мағауин, К. Сыдиықов, М. Байділдаев, Ә. Дербісәлин, А. Сейдімбеков. Ғ. Әнесов нұсқалары мен өнерпаздардың өз жеке жинақтары, сондай-ақ кезінде осы томдық редакторы құрастырған «Екі мың жылдық дала жыры», «Нар заман мен зар заман поэзиясы», Бұкар жырау жинағы, т.б.) салыстыра тексеру нәтижесінде кеңестік кезеңдер шырғалаңында бұрмаланған, қысқартылған талай туындылар текстологиялық сүзгіден өткізіліп. қалпына келтірілді. жаңадан қосылғандары да баршылық. «Жеті ғасыр жырлайды» деп аталатын бұл қос томдықтың екінші кітабына қазақ жазба әдебиетінің негізін қалауда орасан зор еңбек еткен ағартушы, демократ Ыбырай Алтынсариннен бастап, XX ғасырдын алғашқы ширегінде өмір сүріп, соңына соны сүрлеу қалдырған дарынды қалам иесі Бернияз Күлеевке дейінгі қырықтан астам жазба әдебиет ӛкілдері мен ақын-жыраулардың таңдаулы шығармалары енгізідді. Олардың арасында жазба әдебиетіміздің қалыптасуына ерекше ықпал еткен кітаби шайырлар да, үкілі домбырасына үн қоскан сал-серілер мен әнші-ақындар да бар. Бұған дейін жарық көрген сан алуан басылымдарды, әсіресе «Бес ғасыр жырлайды» (1989 ж., құрастырғандар М.Байділдаев, М.Мағауин) атты антологияның екінші томын негізге алып және мұқият салыстыра отырып сараланған бұл кітаптағы бірқатар шығармаларға мәтіндік толықтырулар мен тиісті өзгертулер енгізілді. Абай, Шәкәрім секілді ұлы ақындарымыздың өлендері түгелдей өзге шығармаларымен ауыстырылған болса, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабайұлы, Ғ. Қараш, т.б. бірқатар ақындардың шығармалары жаңадан қосылып отыр.
6 600 тг
В наличии
В корзину
Твердый переплет
6 600 тг
СПОСОБ ПОЛУЧЕНИЯ
- САМОВЫВОЗ
(в течение 3-х дней)
характеристики
Серия
Қазіргі қазақ поэзиясы
Издательство
Жазушы
Переплет
Твердый
Штрих-код
9789965701627

Этот товар ждет Ваш отзыв
Вы можете быть первым!
вход
Вход
с помощью:
или
Текст ошибки
Забыли пароль? Восстановить
Не регистировались? Зарегистрироваться