o чем книга
Оспанхан Әубәкіров — жазушы, ақын, қазақ сатирасының классигі. Балаларға арналған, өлең-жыр, ертегі, пьеса жазған. Ең алғашқы кітабы «Қоңырау» деген атпен 1960 жылы жарық көрген. Мұнан соң «Бытпылдақ», «Солақай», «Жасыратын не бар», «Күлкіңіз келе ме?», «Сүзеген сөз», «Сиқыр», «Ымды білесіз бе?», т.б. әңгімелер жинағы бар. «Қағаз қалпақ» кітабы үшін Жазушылар одағының сыйлығын алған. Кітапқа жазушының бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған әңгімелері беріліп отыр.