o чем книга
Бұл жинаққа Ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» кітаптарында жарық көрген өлеңдері мен аудармалары және құрастырып шығарған «Ер Сайын» жыры топтастырылды. «Қырық мысалдың» 1922 жылы Қазан қаласында шыққан басылымы, «Ер Сайынның» 1923 жылы Мәскеудегі Күншығыс баспасынан шыққан басылымы негізінде текстологиялық тұрғыда қайта салыстырылып, 1989 жылдан бері әр жылдары жарық көрген басылымдарында кеткен қателіктер түзетіліп басылды. Кітап барша оқырман қауымға арналған.