o чем книга
Ата-аналар мен қамқоршыларға арналған кеңестер ББұл кітап мектепке бармаған балаларға арнап жазылған. Әуесқой бүлдіршіндер түрлі тақырып бойынша өзіне қызық сұрақтарға қызық жауап алады. Жаңа сөздермен танысқан сайын баланың сөздік қоры дамып, қоршаған ортаға қызығушылығы арта түседі. Әр сөз бен тіркеске берілген қысқа түсініктеме әңгіме өрбітуге ықпал етпек. Баламен бірге кітап оқысаңыз — уақытты ұтымды өткізіп қана қоймай, баланың тыңдау, зейін қою және қарым-қатынас жасау қабілетін ұштайсыз. Сауысқанды бақылап отырыңыз, балаңыз оны әр беттен байқай ма екен? Ата-аналар мен қамқоршыларға арналған кеңестер. Балабақша жасындағы балаларға арналған. 2+.