o чем книга
Кез келген табысты кәсіп кішкентай идеядан туады. Америкалық кәсіпкер, блогер Эрик Рис «Тиімді Стартап» еңбегінде кәсіпкерліктің қыр-сырын түсіндіріп, өзінің авторлық әдістемесін ұсынады. Кәсіп ашуда шығынға ұшырамаудың жолдары бар ма? Стартапты сәтті бастап, оны үлкен бизнеске қалай айналдырамыз? Автор өз кітабында осы сынды маңызды сұрақтарға жауап беріп, кәсіпті табысты етудің жолдары мен құпияларын көрсетеді. Эрик Ристің басты мақсаты – идеяны стартапқа, стартапты бизнеске айналдырудың жолын ұсыну, өзгермелі әлемде тұрақты әрі өміршең кәсіп бастаудың әдістемесін көрсету.