o чем книга
Кітапта адам эволюциясы археологиялық олжалар мен ғылыми теориялардың негізінде жан-жақты баяндалады. Көне замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыздың іздері қай жерлерден табылды? Отты ойлап тапқан алғашқы адамдар кімдер және олар немен қоректенді? Адам сол кездегі алып жануар мамонтты қалай аулады? Міне, осы және басқа да көптеген сұрақтардың жауабын, сондай-ақ ата-бабаларымыздың тарихқа дейінгі кезеңдегі қиын өмірі туралы осы кітаптан оқып-білуге болады. Әр тарау түрлі түсті суреттермен безендірілген. Өткенге қызығушылық танытқан әр жас оқырманды жаңалықтарға толы қызықты саяхат күтеді.