Әлем өркениеті спиральмен даму процессінде. Төрт кітаптан тұратын бұл панорамалық еңбекте әлемнің 6 цивилизацияның бірі, уақытында жарты әлемді бағындырған Түркі өркениетінің бүкіл адамзаттың дамуына қосқан шексіз үлесі туралы жазылған. Ғұннан бастап үш мың жылдық тарихы бар Түркі қағанатының пайда болған жерлері Еуразиялық кеңістіктегі географиялық орталығында Қазақстанның дамуы, оның ойшылы Абайдың ілімін XXI ғасырда іске асыру тетіктері берілген. Түркі әлеміне қайта серпіліс беру идеясы ұсынылған. Ойлы кітапта қоғамды жаңғырту ілімінің негізін қалауға қадамдар жасалған.