o чем книга
«Роллан Сейсенбаевтың кітаптары» сериясы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. Жиырма бірінші ғасырдың жазушылары, оқырмандарына адамгершілік идеалын ұсынулары тиіс, онсыз рухани прогрестің кемелденуі мүмкін емес. Біз ұлттық салт-дәстүрімізден, ана тілімізден айырылмауымыз керек. Ұлы махаббатпен, ұлы жанкештілікпен туған әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамыта беруге құлшынудан таймайық. Сонымен бірге Ана-Жерді мекендеген әлем халықтарының салт-дәстүрін де үйренуден, сыйлаудан жалықпайық. Дәл осы ұмтылыстардың тоғысқан тұсында Қазақтың елжұртында мүлде жаңа, универсалды дәстүр қалыптасады. Біз өз өмірімізді Отанымыздың болашағына арнауымыз қажет. Ол үшін, әр қазақ Отаны үшін жанын беруге әзір болуы шарт. Сол кезде ғана, Дешті Қыпшақ даласының рухы асқақтап Ана-Көкке қайта дүбірлей көтерілетініне сенген. Роллан Сейсенбаев Ол Прометей құсап адамның рухани қасиетін сақтап бағудың отын жағып тұрудан тайған емес. Ол өзін аямайды, ал туған халқының өнері мен әдебиетін нағыз жаужүрек батырдай қорғап, аялап, ардақтайды. Ролландай тұлғалар аз. Ал Қазақстанда ол жалғыз және қайталанбас тұлға. Анатолий Ким Роллан Сейсенбаевтың жан тебіренісінің тереңдігі мен кеңдігі мұхитқа лайық. Қазақстанда Роллан Шәкенұлының оқшау ойлары мен озық істері көбіне түсініксіз қалып жатады, ал мұхит әлдекімдердің алдында есеп беріп жатпайды ғой. Мұхиттай алып, мұхиттай терең, сол мұхиттай өмір кешетіндер ғана ұға алады. Максим Кузин Ол өзін де, творчествосын да, әдеби, редакторлық, баспагерлік миссиясын да кең даладағы аласа қорғанның төбесінен емес, әлем цивилизациясының биігінен көріп тануға дағдыланған. Герольд Бельгер