o чем книга
Оқырман назарына «Шантарам» атты ХXI ғасыр басындағы ерекше көркем туындылардың бірін ұсынып отырмыз. Шантарам — үнді тілінде бейбітшіл адам деген ұғымды білдіреді. Роман қай тілде жарық көрсе де осы атауы сақталған. Кітап қысқа мерзім ішінде әлемге төрт миллион данамен тарап үлгерген. Автордың өзі секілді романның басты кейіпкері де жылдар бойы заңнан қашып, жасырынып жүреді. Әйелімен ажырасып, әкелік құқығынан айырылғаннан кейін есірткіге әуестеніп, бірнеше рет қарақшылық тонауға қатысады. Австралия соты оны он тоғыз жылға түрмеге тоғытқан. Қатал тәртіптегі түрмеде екі жыл отырғаннан кейін қашып шығып, Бомбейге келеді. Ол жақта жалған құжат жасаумен, заңсыз қару-жарақ саудасымен айналысып, үнділік мафиялар арасындағы айтыс-тартысқа да қатысады. Сөйтіп жүріп, өзінің шынайы махаббатын кездестіреді…