o чем книга
Сәлем! Біз Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматыдамыз. Бұл жердің тарихы, ал архитектурасы көрген жанды тәнті етеді. Дәл осы жерде қазақ өрнектері алғаш рет қала ландшафының бір бөлігіне айналған еді. Қалаға баяғыдан ең талантты қазақстандықтар тартылды: олардың есімі әлі күнге дейін ел есінде. Алматыға қаншама өлең, ән, фильм мен картина арналды десеңші! Сылдырап аққан арықты бойлай жасыл жамылған көшелерді аралайық! Ал тау шыңдары бізге бас-көз болады!