o чем книга
«Прометей алауы» романында өмірде болған тарихи оқиғалар баяндалады. Мұнда Қазақ хандығы тарағаннан кейінгі «аға сұлтандар дәуірі» желі боп тартылған. Кенесары хан отаршылдармен айқаста басын берді. Халықты құлақкесті құл етіп, аздырып-тоздырмау үшін, енді не істемек керек? Ақтайлақ би ұсынған бір сенімді жол бар. Романда, міне, осы жайында сөз болады. Ал әңгімелерде жазушы буы бұрқыраған бүгінгі күнді суреттейді. Біздің бастан кешіріп жатқан өмірдің қатал шындығын көз алдыңызға әкеледі.