o чем книга
Джордж Бернард Шоу - ХХ ғасырдағы әлемдік театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ағылшын халқының атақты драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты. Оның шы- ғармашылық мұрасында елуден астам пьеса бар. 1912 жылы жарық көрген бес перделі Пигмалион пьесасы комедия жанрына жатады. Автор шығарманың атауын ежелгі Грекияда мәрмәр тастан қыз мүсінін жасап, оған ғашық болып қалған шебер Пигмалион туралы аңыздан алған.