o чем книга
Петсонның шатырынан Финдустың не тауып алғанын білесіз бе? Қанша ойлансаңыз да, таппайсыз деп ойлаймын. Ол шатыр тауып алды! Иә, иә, кәдімгі саяхатқа шыққанда алып жүретін шатыр. Сөйтіп, екі дос көп ойланып тұрмай сапарға шықпақшы болады, алайда тауықтар да барамыз деп қыр соңдарынан қалмайды. Олардан әрең құтылған екі досты небір қызықтар күтіп тұр еді. Финдус сияқты кішкентай болсаң, бақшада шатыр орнатудың өзі шытырман оқиғаға айналмақ. Саяхаттаудың қызығы туралы әңгіме балалардың уақытын белсенді өткізуге ынталандыратыны сөзсіз.