o чем книга
Әлемдік тепе-теңдікті ұстап қалу үшін ізгілік пен басқа да адами құндылықтарға басымдылық бере бастау қажет. Каспийден Қытайға дейінгі аралықтағы ежелгі Түркі дүниесін қайта жаңғырту – рухани тығырыққа тірелген адамзат өркениетінің соңғы мүмкіндігі. Бұл кітапта дағдарыс күйін кешкен қазақ елін тығырықтан алып шығудың альтернативті жолы ретінде мемлекетті басқару мен әлеуметтік-экономикалық реформалар, жобалар ұсынып жүрген өршіл патриот Оразалы Сәбденнің күреске толы өмір жолы мен жаһандық өркениетке бет бұрған егемен Қазақстанның бүгінгі ахуалы қатар суреттеледі. «Нe істеу керек?» деген сұрақтың нақты тетіктері көрсетіледі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.