o чем книга
Мың бір түн — араб әдебиетінің орта ғасырдағы классикалық шығармасы. Бұл прозалық жинаққа үш жүздей аңыз-әңгімелер, новелла, ертегілер топтастырылған. Шығарма әйелдер қауымын жазықсыз жазалаған патша мен уәзір қызы Шаһаризаданың мың бір түн бойы айтқан қызықты әңгімелері арқылы ажал сағатын ұзартқаны төңірегінде өрбиді. Мың бір хикаяны әсерлі жеткізген ақылды қыз өмірі үшін күресіп, патшаның жауыздық әрекеттерін хикая-мысалдармен астарлай көрсетеді, қатыгездіктен бойын аулақ салуға үндейді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.