o чем книга
Белгілі кинодраматург әрі режиссер Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» атты романы – автордың ортағасырлық Таяу Шығыс елдерінің тарихын көп жылдан бері зерттеген еңбегінің жемісі. Дәл осы бір дәуірде – араб әлемі мен ислам үшін күрделі заманда көкжиекте Бейбарыс сияқты Ұлы даладан шыққан жарық жұлдыз көрінді. Романның әр жолында – інжілдегі абыздардың, пайғамбарлардың, дін үшін құрбан болған әулиелердің сорабын басқан жиһангез автордың ізін аңдап отырасыз. Әр сөзінде – ежелгі манускрипт парақтарында басылған және бүгінгі тарихшылар, діндарлар, дінтанушылардың еңбектерінде көрініс тапқан көне заманның лебі бар. Осы дереккөздерге сүйене отырып жазушы аты аңызға айналған түріктің ұлы хақында өзінің өзгеше көзқарасымен көркем бейнесін жазып шықты. Роман ғылыми зерттеу деген санатқа жатпайды. Автор бас кейіпкердің мінез-құлқы мен өмірбаянындағы маңызды мезеттерді психологиялық тұрғыда да, көркем туынды ретінде де оның ерекше драмалық жолды бастан кешкенін – құқы жоқ кіріптардан, қарапайым сарбаздан ұлы әмірші, жеңімпаз сардарға дейінгі тағдырын әдемі сипаттаған.