o чем книга
Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың бұл туындысы өзінің жан жары, әдеби серігі, қазақ халқының тамаша қызы Халима апамызға арналған. Ұлттық тәлім-тәрбиелік мәні зор шығарма қара сөз және ақ өлеңмен жазылған. Сенім, адамгершілік, ізеттілік, мөлдір махаббаттың сырын кеңінен қамтыған шығармада отбасылық өмір, ер адам мен әйел адам арасындағы берік байланыс пен сыйластық, махаббат пен өзара түсіністік мәселесі қозғалады.