o чем книга
Әйгілі кәсіпкер Майкл Роучтың «Кармалық менеджмент» кітабы — «The Diamond Cutter» атты әлемдік бестселлердің жалғасы, компания басқару ісін табысты ететін, оның нарықтағы позициясын нығайтатын принциптер жиынтығы. Кармалық менеджменттің 8 ережесі өнімді жеткізушілер, тұтынушылар және қызметкерлермен қарым-қатынас жасауда тиімді жұмыс істейді. Бұл — тапсырмалар мен жобаларды іске асырудың мүлде жаңа тәсілі. Алғашында оғаш көрінгенімен, өз жемісін беретін әдіс. Майкл Роуч теория жүзінде ғана емес, алға қойған мақсаттарды қалай іске асыруға болатыны жайлы тапсырмалар тізімін де ұсынады.