o чем книга
Сөздіктің бизнеспен ерекше байланысы бар. Бизнес терминдер, олардың мағынасын, қолданылу аясын түсіну жұмысты ілгерілетеді. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ауыл-аймақтағы азаматтардың кәсіби сауаттылығын арттыру, бизнесте табысты болуына көңіл бөліп екреше бастаманы қолға алды. Бүгінде А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандарымен бірлесіп «Кәсіпкер сөздігі» атты бастаманы жүзеге асырды. Бұл жобаның тұсауы «Атамекен» пікірталас клубының отырысында қиылды. Кәсіби сауаттылыққа мән берген тіл мамандары кәсіпкердің қарапайым әрі күрделі межені ажыратып, күрделі мәтінді түсіну, қарама-қайшылықтарды ажырату, астарлы байланысты аңғару деңгейін арттыру үшін 500-ге жуық бизнес терминдердің аудармасын және түсіндірмесін жинақтаған.