o чем книга
Әлем тілдерінде сезімді білдіретін сөздер тым жұпыны. Ең бай деген тілдердің өзінде адам күйін суреттейтін ұғымдар саусақпен санарлық. Сонда біз мыңдаған жылдар бойына өмірімізге мән дарытып, бүкіл ісәрекетімізді айқындайтын эмоциямызды білдіретін, іштегі қажеттіліктерімізді анық жеткізетін тіл қалыптастыра алмағанымыз ба? Маршалл Розенберг «Қиянатсыз қарым-қатынас» еңбегінде осы бір олқылықтың орнын толтырып, күнделікті тұрмыстық тіліміздегі ескіліктер мен бұрыс түсініктерді жоққа шығарады. Бір-бірімізді алалайтын тілдің өзегінде жатқан мәселелерге назар аударып қана қоймай, ең басты құндылығымыз - сезімдерімізді түсіне алар дағдыларды ұсынады. Бұл кітап өмірін түбегейлі өзгерткісі келген барша оқырманға арналған.