o чем книга
«Инженер Гариннің гиперболоиды» – ғылыми-фантастикалық әдебиеттің классигі Алексей Толстойдың айтулы шығармасы. Романның негізгі оқиғасы ғылыми болжамға, яғни сәуленің келешегіне бағышталған. Басты кейіпкер инженер Гарин химиялық қоспадан туған сәулелерді бір нүктеге топтап, сұрапыл қуатты құрал ойлап табады. Құрал Батыс капиталистерінің көз құртына айналады. Шым-шытырық оқиға өрбиді. Тойымсыз Гарин дүниежүзіне әмір жүргізбек болады. Шытырман оқиға мен тартысқа толы бұл роман оқырмандарды таңдандырмай қоймасы анық. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.