o чем книга
Америкалық жазушы әрі жапонтанушы Артур Голденнің «Гейшаның естелігі» атты романы Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін және одан кейін Жапонияның Киото қаласында жұмыс істеген ең танымал гейшалардың бірі Нитта Саюридің өмірін баяндайды. Сүйген адамына бір көргеннен ессіз ғашық болған гейшаның шырғалаңға толы өмірі оқырманды бейжай қалдырмайды. Алғашқы бетінен-ақ баурап алатын туынды арқылы жапон дәстүрі мен гейша мәдениетін танып-білуге болады. Күншығыс елінің беймәлім әлеміне сүңгіп, сыртынан қарап сұлулығына тамсанатын гейшалардың ішкі жан дүниесімен танысасыз. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.