o чем книга
Бір кішкентай ғана ауылда Петсон есімді қарт тұрып жатты. Оның тауықтары бар еді, алайда ол өзін сондай жалғыз сезінетін. Күндердің күнінде көршісі оған кішкентай сүйкімді мысық сыйлады. Содан бастап Петсонның өмірі күрт өзгерді, енді ол бұрынғыдай жабығып, көңілсіз отырмайтын болды. Алайда әр нәрсеге бір қызығып жүретін мысығы ұшты-күйлі жоғалды да кетті. Суретке толы кітапта Финдус мысықтың күлкілі шалбарын қайдан алғаны және қорқынышты құбыжықтан қалай құтылғаны туралы баяндалады.