o чем книга
Шет елде білім алып, халықаралық жобаларда жұмыс істеу – көп жастың арманы. Ол жастар бағыт берер, жол көрсетер үлкендер болса екен дейді. Бұл кітап – сол алдыңғы буынның орнын басар жол көрсеткіш. Автор Қазақстан, БАӘ, Иран, Ирак, Пәкістан, Ұлыбританиядағы мұнай-газ саласындағы жобаларға қатысып, еңбек еткен. Жиырма жылға жуық халықаралық тәжірибесіне сүйеніп, көрген-білгенін. көп адам бара бермейтінТаяу Шығыс елдеріндегі дүрбелең арасында нендей оқиғаларға куә болғанын жазған. Сонымен қатар елімізде, әсіресе, мұнай-газ саласындағы халықаралық деңгейдегі мамандар қорын пайдаланып шетелде ірі жобаларды іске асыруға және халықаралық деңгейдегі жаңа буын жастарды жетілдіруге болатыны жайлы салыстырмалы түрде әңгіме қозғайды. Кітаптың әдепкі беттерінде он сегіз жасар бозбаланың шетел асып оқуға түсіп, бизнеске алғаш басқан қадамдары жайлы оқысаңыз, ортасынан асып, соңғы бетін жапқанға дейін қамал бұзар қырықтағы халықаралық деңгейде қалыптасқан маманның салмақты ой-пайымы бейжай қалдырмайды. Бизнес, қаржы, экономика, тарих, өндіріс, саясат және саяхат тоғысқан бұл кітап халықаралық маман болсам дейтіндерге, мұнай-газ саласына қызығатындарға, жалпы мемуар жанрын сүйетін барша оқырманға арналған.