o чем книга
«Джунгли кітабы» — ағылшын ақыны, жазушы Редьярд Киплингтің әңгімесі. Кітап джунглиде жан-жануарлармен достасып өскен Маугли есімді кішкентай бала туралы. Киплинг Маугли мен аңдардың қауіп-қатермен қалай күресетінін көркем суреттеген. Негізгі кейіпкерлер жануарлар мен олардың ортасында өскен адам болғанына қарамастан ақ пен қараны ажырата біледі, ізгілік пен адами құндылықтарға сәйкес өмір сүреді. Түрлі түсті суреттермен берілген балалар әдебиетінің классикасына айналған «Джунгли кітабында» Маугли мен өзге кейіпкерлердің басынан кешкен таңғажайып оқиғалары баяндалады. Жас оқырман бұл кітапты ұнатып, өзінің кітап қорына қосады деп сенеміз.