o чем книга
Жазушы М. Қаназдың шығармашылық өмірге сәтті қадам бастырған «Чика – Дабылдың баласы» повесінде екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жетім қалған нәсілі бөлек баланы бауырына басып, сол ісімен соғыс қасіретін жеңген, адамзат қауымына ортақ адамгершілік-имандылық ұялаған қазақ ауылының гуманистік болмысы сипатталады. Тек қазақ әдебиетінің оқырмандарына ғана емес, көршілес елдердің тілдеріне де аударылып, кеңінен тарап үлгерген аталмыш шығармамен қатар, бұл кітапқа автордың «Ақ тайлағым-ай» повесі мен «Аққанат» ертегі новелласы енгізіліп отыр. Кітап жасөспірімдер мен барша әдебиетсүйер қауымға арналған.