o чем книга
Халқымызбен ғасырлар бойы бірге жасасып келе жатқан рухани қазынамыздың бірегейі – мақал-мәтелдерді бабалардан ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра болып жалғасқан байлығымыз десек болар. Ол уақыт керуені алға жылжыған сайын жаңғырып, туындап, толыға түседі. Соңғы жылдары біраз мақал-мәтелдер жинақтары жарық көріп жатса да, ұлттық рухани құндылықтарға деген оқырмандар сұранысы артқан үстіне арта түсуде. Сондықтан көптеген мақал-мәтелдерді іріктеп, сұрыптап, қырықтан астам тақырып аясына топтап ұсынып отырмыз.