o чем книга
Америкалық өмір салты медицинасы колледжінің негізін қалаушы мүшесі және ғылыми қызметкері Майкл Грегер — медицина ғылымының докторы, дәрігер, York Times бестселлерлерінің авторы және тамақтану мәселелері бойынша халықаралық деңгейде танылған баяндамашы. NutritionFacts.org сайтында оның денсаулық тақырыбына арналған екі мыңнан аса видеороликтері бар, жаңа видеолар мен мақалалар шамамен күнде жүктеліп тұрады. Доктор Грегер Халықаралық катынастар жөніндегі конференцияда дәріс оқыған, Конгресс алдында жауап беріп, етті диффамациялауға қатысты сотта Опра Уинфриді қорғау тарапы жағынан сарапшы куәгер ретінде шақырылған. Ол Корнелл университетінің ауыл шаруашылығы мектебін және Тафтс университетінің медицина мектебін тәмамдаған. Соңғы жылдары жарық көрген How Not to Die «Ажал құшпа!», How Not to Die Cookbook «Қалай ажал құшпау керек: аспаздық кітабы» және How Not to Diet «Диетаға қалай отырмау керек?» кітаптары New York Times газетінің бестселлерлеріне демде айналды. «Диетаға қалай отырмау керек?» кітабы 2020 жылы жарық көрді. Ол кітаптан түскен барлық кіріс қайырымдылыққа жұмсалады.