o чем книга
Бұл басылымда қазақ ұлттық киім түрлері жүйеленіп берілген. Киімдердің жасалу жолдары, пішімдері, тігуге қолданылған заттар, қысқаша өңдеу, көркемдеу, әшекейлеу жөнінде де материалдар енгізілген. Кітапта кәсіптік киімдер (аңшы, малшы, діндарлар, және әртүрлі рәсімдерге байланысты киімдер т.б.) жөнінде жазылып, олардың ғұрыптық аспектілері, одан туындайтын киіммен байланысты қазақ халқының дәстүрлі ырымдары, тыйымдары, салттары енгізілді. Ертедегі қазақ жерін мекендеген сақ, түркі, қыпшақ, үйсін, қимақ тайпаларының киімдерімен сабақтастығы баяндалып, фотоматериалдармен толықтырылған. Бұл басылым оқырманның қазақтың ұлттық киімі туралы таным түсінігін кеңейтеді.