o чем книга
Ауласында көгалда жатқан Күнсұлуға орман жақтан бір ән естілді. Әнге еліткен ол Сиқырлы орманға енеді. Күнсұлу мұнда айдаһарға айналады да, Айсұлу және Нұрсұлу деген өзі сияқты айдаһар қыздармен танысады. Ал ол екеуі мұның сыныптасы болып шығады. Үшеуі бірге сиқырлы орманды Түнек перілерінен қорғауға аттанады. Айдаһар қыздар күн бетін торлаған түнекті сейілту үшін тер төгіп, міндетін абыроймен атқарады.