o чем книга
Бастиан Бальтазар Букс антиквариат сататын дүкеннен «Аяқталмас хикая» деген бір сиқырлы кітап тауып алады. Ондағы бас кейіпкер Атрейумен бірге шытырманға толы оқиғаларды бастан кешеді. Атрейу Қиял әлемі мен оның билеушісі Бала патшайымды құтқаруы керек. Алайда көп ұзамай Бастиан өзі әншейін оқырман ғана емес, оқиғаға тікелей қатысы бар жан екенін ұғады. Бір кезде күтпеген жерден Қиял әлемінен бір-ақ шығады… Сөйтіп, оның өмірі нағыз қызыққа айналады: Қиял әлемінде шексіз билік жүргізуге мүмкіндік беретін тұмарында «Қалағаныңды істе» деп жазылған. Алайда Бастиан ол сөздің мағынасын түсінгенде бәрі тым кеш еді. Өйткені оның міндеті – Қиял әлемін басқару емес, одан шығатын жол іздеу болып шықты. Ал енді шеті жоқ патшалықтан қалай шықпақ?