o чем книга
Кэтнисс жетпіс бесінші аштық ойындарынан да тірі шықты. Ең жақыны — анасы мен сіңлісі де жарылыстан кейін дін аман. Бірақ... Питаны билік басындағылар ұрлап әкеткен. Оның ендігі тағдыры белгісіз. Жұмбақ болған он үшінші аудан жылдар бойы жасырынып жүрген көлеңкеден шығады. Соғыс басталады. Бұл әділдік жолындағы соғыс па? Бұл «ойында» Кэтнисс Эвердин — Азаттық құсы, еркіндік символы. Ендігі жерде өзгенің мүддесі үшін сүйіктісінің құрбан болғанын қаламаса, ол алапат күш-қуатқа ие болуы керек. Аштық ойындары алаңынан да күшті... Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.