o чем книга
Бүгінгі қазақтар – біз кімбіз? Қандаймыз? Бұрынғы қазақылықтан бойымызда не қалды? Жүріп өткен жолымызда біз нені жоғалтып, нені сақтап қала алдық? Біз бұрынғыша нені бағалаймыз, ал неден түбегейлі бас тарттық? Осы сұрақтарға белгілі жазушы және кинорежиссер Ермек Тұрсынов өзінің әдеттегі ирониялық мәнерімен жауап беруге тырысады. Оның айтуынша, адам табиғатында генетикалық жады деген ұғым бар. Ол өшіп қалмайды және өз өткеніңді еске түсіруге көп көмектеседі. Еске түсіруге және өз күшіңе сенуге ықпал етеді. Жатық тілде, қызықты жазылған бұл кітап – қазақтың ежелгі салт-дәстүрін көңілді түрде санада жаңғырту әрекеті. Бұл ешқандай «бұрынғы керемет шаққа» оралу емес, керісінше – үзілген түп-тамырымызды тауып-жалғауға септесу әрекеті. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналады.