o чем книга
Бұл романның басты кейіпкері, айрықша белгі – қара жұлдыз тәрізді меңмен өмірге келген Қара Жұлдыз есімді ханзада. Данышпан ақсақалдар байыпты да байқампаз ба- ланың өсе келе ұзақ сапарға шығып, жан тазалау, ағару жолын іздейтінін болжайды. Алайда ол жол – жауынгердің де, тақуаның да жолы емес еді. Қара Жұлдыз ханзада ер- жетер жасқа жетер-жетпестен, қасына өзін тәрбиелеген сүт-анасы – қаншық қасқыр мен қорғанышы, тәлімгері ақжал бөріні ертіп, әке шаңырағын артқа тастайды. Олар бір әлемнен бір әлемге өте жүріп, әр әлемнен өздеріне бір өнеге табады. Ұзақ жолдан жүріп өткен ханзада өзінің қаншалықты өзгергенін, мақсатқа жету жолының қаншалықты ауырлығын, әр кездескен әлем оны өзіне жақын тартатынын да, алыстатынын да ұғы- нады. «Классикалық сюжетке» қарамастан, автор (Б. Момышұлы) дәстүрлі кейіптеулер мен әсіреулерді өзінің жаңа бояуларымен, қисынды бұрылыстармен толықтырып, және осы заманның метафоралық мәніне терең дендей отырып, әрлей алған (Ю. Серебрян- ский). Шығарманың өмірге келу тарихы да айрықша — әйгілі қазақ жазушысы Бақыт- жан Момышұлы оқырмандарға туындының кейіпкерлерін сомдап, дәстүрді терең ой елегінен өткізіп, сюжетті жол ортасынан жеткізгенімен, шығарманың мән-мағынасын түгел ашып үлгермеген еді. «Казахстанкие сказки» аталатын кітабымен және әдеби сыйлықтарға лайықты басқа да шығармаларымен оқырмандарға танылған жазушы Юрий Серебрянский туынды желісімен жіті танысып, автордың басқа да кітаптарын егжей-тегжейлі зерттеп, баяндау стилін сақтап, өзіне тән заманауи әдеби теңеулерді қолдана отырып, туындыны қисынды нүктесіне жеткізген.