o чем книга
Қолыңыздағы кітапқа екінші дүниежүзілік соғыстың геноциді мен қуғын-сүргіні шығармашылық ғұмыры мен тағдырына ауыр әсер еткен, әйтсе де өмірінің соңғы сәтіне дейін қаламнан қол үзбеген австриялық жазушы С. Цвейнтің таңдаулы шығармалары еніп отыр. «Амок» хикаятында шығыстың бір еліне нәпақа іздеп аттанған дәрігердің басынан кешірген жан түршігерлік оқиғасы мен трагедиясы баяндалады. Жасанды түсік жасап беруін өтініп келген бейтаныс әйелге әуелі қарсылық білдірген дәрігер кейін өз шешіміне өкінерлік жағдайға тап болады. «Бақилық ағаның көзі» атты аңызға құрылған хикаятта Вирата есімді құдайшыл әрі әділетті жанның елін қорғау үшін құрбандыққа баруы, ақиқат үшін күресі және шытырман өмір жолындағы қиындықтары баяндалады.