o чем книга
Бұл еңбекте автор Алаш арыстарының либералдық-демократиялық көзқарастары мен идеяларын барынша жан-жақты талдап көрсетуге ұмтылады. Сонымен бірге Алаш арыстары мен ағартушылық дәуірдегі либералдық бағыттың өкілдері арасындағы идеялық ұқсастықтарды да қарастырады. Осылайша, алаш арыстарының өркениетті де зайырлы мемлекет құруға деген ұмтылысының түпкі мән-мағынасына тоқталады, Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты тұлғалар мен алаштықтардың демократиялық қоғам орнатуға деген ұмтылыстарындағы идеялар сабақтастығына назар қояды. Оқырман қауым кітаптан классикалық демократия мазмұнымен және Алаш арыстарының демократиялық қоғам құрудағы қажырлы еңбектерімен таныса алады.