o чем книга
Қолыңыздағы кітапта көрнекті қаламгер И.С. Тургеневтің өзі «өлімнен де, өлімге деген қорқыныштан да күшті» деп атаған – махаббат сезімі туралы үш хикаяты беріліп отыр. «Алғашқы махаббат» повесінде жазушының бозбала шағында басынан кешкен алапат сүйіспеншілік сезімі мен одан туған тартысты оқиғалар суреттеледі. «Ася» шығармасында басты кейіпкер – қарапайым да сезімтал «Тургенев сұлулары» образына сай Ася есімді 17 жасар бойжеткен мен 25 жасар жігіттің махаббат трагедиясы баяндалады. Ал «Бекет үй» повесі адамгершілік асыл қасиеттер мен нәзік сезімнің парқына бармаған помещик Акимнің өмірі жайлы. И. Тургеневтің бұл шығармалары оқырманның көңіл толқындарын тербетіп, сырлы сезімнің сиқырына бөлері анық. Кітап жасөспірімдер мен ересектерге арналады.