o чем книга
Осыдан бір ғасыр бұрын қағаз бетіне түскен қиялгер жазушы Александр Беляевтың «Бас туралы хикая» романы ғылыми-фантастикалық жанрға жататын туынды. Бұл романға ертегі-роман, арманшыл проза деп айдар таққан зерттеушілер де болған. Алайда, сол кезде таңғажайып қиялдай көрінетін кейбір дүниелер қазіргі медицинадағы қалыпты жағдайға айналды. Мәселен, адам ағзасының кейбір мүшелерін (бүйрек, өкпе т.б.) ауыстыру, жасанды мүшелер қою және т.б. Шытырман оқиғалы бұл хикая оқырманның өресіне тосын әсерлер сыйлап, қиялын шарықтатары сөзсіз. Кітап көркем шығарманы бағалай білетін барша оқырман қауымға арналған.