o чем книга
Қазақ халқының ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының екі томдық толық жинағын баспаға дайындау үстінде бұрынғы басымалдарда айтылып жүрген ескертпелер ескерілді, жанадан текстологиялық тексерулер жүргізілді, ғылыми түсініктер толықтырылып қайтадан жазылды. Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының бірінші томына ақынның 1855 жылдан 1896 жылға дейінгі өлеңдері мен аудармалары енгізілді. Екі томдық толық жинағының екінші томына ақынның 1896 жылдан кейінгі өлеңдері мен аудармалары және поэмалары, қара сөздері еніп отыр.